скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің 2016 жылдың 9 айындағы жұмысы туралы ақпараты

Департаменттің әкімшілік қызметі

Қазіргі таңда қызметкерлердің штаттық саны 55 мемлекеттік қызметшіні құрайды, бос орындардың саны – 4, барлығы уақытша (бала күтімі бойынша демалыста болуына байланысты) жетекші маманның 1 бос орны). Өткен кезеңде Департаментпен 27 конкурс жарияланып, олардың 12 өткізілді.

Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша Департаментке 7 қызметкер, олардан жалпы конкурс бойынша3, ішкі конкурс бойынша 4 қабылданды.

Ішкі конкурстың қорытындысы бойынша Департаментте үш әкімшілік мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға, 1 дәрежесі тең лауазымнан ұқсас лауазымға тағайындалды. 

Барлық жарияланған конкурстар Департаменттегі сияқты, сондай қала бойыншабайқаушылар мен сарапшылардың қатысуларымен өткізілді, олардың қатысуы толық көлемде қамтамсыз етілді.

Есептік кезеңде құжат айналымы желісі бойынша 9 208 құжат тіркелді, олардың 219 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдаудыңбекітілген кестесіне сәйкес, Департамент басшылығымен 15 қабылдау өткізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті түсіндірулер берілді.

Қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелері, сондай-ақ бюджеттік мәселелер жұмыс тәртібімен қаралады, 2016 жылдың 9 айында бөлінген қаражаттың жалпы мөлшері 118 666 000 теңге көлемінде, қазіргі уақытта 106 486 326, 92 теңге игерілді, бұл 90% - ды құрады.

Мемлекеттік қызметті өткеру саласында

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 80 мемлекеттік орган жұмыс істейді, олардың45 - аумақтық, 35 - жергілікті. «Б» корпусымемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 5139 (2015ж.- 5069) бірлік, нақты – 4566(2015ж.-4396).

Алматы қаласының мемлекеттік органдарында «Болашақ» бағдарламасының 18 түлегі(ЖАО – 16, АМО – 2), Қазақстан РеспубликасыПрезиденті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының 21 түлегі(9 ЖАО, 12 АМО)жұмыс істейді.       

Өткен кезеңдетестілеу рәсімінде3 731тұлға қатысты, олардан1668 немесе 44,7% - ы тестілеудің шекті деңгейінен өтті, 2063 немесе 55,3% – ы өтпеді.

«Б» корпусы лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға1799 тұлға тапсырды.

2016 жылдың көрсетілген кезеңіндеҚазақстан Республикасы Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін оқыту239(310) (қайта даярлау – 88,біліктілікті арттыру – 151), Алматы қаласы аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқыту 137(463)жүргізілді.

Ағымдағы кезеңде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына 159 біліктілік талаптарының жинақтары келісілді.

Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың 11 әдістемесі бекітіліп, Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркелді, бұл 100% құрайды.

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 20-бабында көзделген нормаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №11 бұйрығымен бекітілген сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібіне сәйкес Алматы қаласы бойынша барлық мемлекеттік органдарда тәлімгерлер Кеңесін құру толықтай қамтамасыз етілді.

2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғалардың саны 289 (олардан ЖАО-ға – 102, АМО-ға – 187), қысқарғаннан кейін қайтадан қызметке тұрушылар – 164 (ЖАО – 99, АМО – 65) құрады.

Жегілікті атқарушы органдардың алмасушылық жағдайына жүргізілген талдау жұмыстан шығушы тұлғалар санының артқандығын көрсетті.

Сондай 2016 жылдың 9 айында таза алмасушылық 117 мемлекеттік қызметшіні құрады немесе 7,6 %, Президент Әкімшілігімен белгіленген индикатор кезінде жылына 9 %.

Жалпы алмасушылық 253 мемлекеттік қызметшіні (2015ж.-178) немесе 16,5%(2015ж.-11,6%) құрады.

«Е-кызмет» жүйесіне штаттық тәртіпке толық көлемде ауысқан 59 мемлекеттік орган (24 АМО және 35 ЖАО) қосылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау саласында

2016 жылдың 9 айында Алматы қаласы бойынша 49 мемлекеттік органмен (81) 11 575 389 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 13,28%-ға (2015 ж. -13 347 492) аз.

Оныңішінде, жергіліктіоргандармен – 6 067 825, 2015 ж.  7 966 694 (өткенжылменсалыстырғанда23,8%-ғаазайған), аумақтықоргандарымен – 5 507 564 , бұл 2015 ж. көрсеткіштен 2,36%-ға артық (2015 ж. - 5 380 798).

Ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсетілетін қызметтердің саны 329-дан 353-ке дейін ұлғайған.

Электронды форматта көрсетілетін қызметтердің саны ұлғая түсуде. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан электронды түрде 3 237 291 немесе 27,9 %, оның ішінде аумақтық органдармен 3 185 118 (98,4%) көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормаларды бұзғаны үшін 94 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Департамент мемлекеттік органдарда шамамен 11 мың адамның қатысуымен 130 семинар-кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізді. Өз кезегінде, мемлекеттік органдарменкөрсетілетін қызметті алушылардыңмемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында 418 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және өзге де іс-шаралар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, мемлекеттік органдарда, ЖОО-да, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа да ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 190 іс-шара өткізілді.

www.adaldyk.kz сайты арқылы 179 заңды және 948 жеке тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы ашық Келісімге қосылды, ағымдағы жылдың 9 айындағы жағдай бойынша 91 бірлескен іс-шара өткізілді.

Алматы қаласының орталық көшелерінде 18 әлеуметтік билборд орнатылды.

Заңнамаға сәйкес, 9 айда Департаментпен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың 16 субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Мониторингпен 59 мемлекеттік қызметтер қамтылған, 30 ұсыным енгізілді.

Мемлекеттік сатып алуға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша он бір ұйымда конкурстар тоқтатылды, ол конкурстар бойынша 86,3 млн. теңге үнемделді. 

Мемлекеттік қызметте қызметті бақылау саласында

2016 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштерінің саны -163, осы мерзімімен салыстырғанда 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29 есе көбірек (2015 - 134) (оның ішінде: 114 - жеке тұлғалардың, 49-заңды тұлғалардың өтініштері бойынша).

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша(2015ж.-134) жүргізілген тексерулердің жалпы саны - 75, (оның ішінде: 1-ішінара тексеру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 74-жоспардан тыс тексеру).

Дәлелдер бойынша расталған тексерулердің саны: 32 (жеке тұлғалардың өтініштері бойынша - 25, мемлекеттік қызметшіден - 1, заңды тұлғалардан-5, прокуратураның ұсынысы-1).

Расталғанмаған тексерулердің саны: 42 (жеке тұлғалардың өтініштері бойынша - 34, мемлекеттік қызметшіден -1 және заңды тұлғалардан-7).

2016 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойыншамемлекеттік органдарға тексеру нәтижелері бойынша жолданды:

- 21 заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс, оның ішінде есепті кезеңге 2 ұсынысқаралуда болды (Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне қатысты Г.А. Сабралиеваның өтініші бойынша);

- Занды бұза отырып қабылданған шешімдердің күшін жою туралы 1 ұсыныс («МД «ЮжКазнедра» РММ- орындалды);

- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 15 ұсыным, оның ішінде 1 қаралу сатысында (Ж.Ж. Касеновтың өтініші бойынша).

Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша34 мемлекеттік әкімшілік қызметші жауапкершілікке тартылып, оның ішінде:

«ескертулер» - 23;

«сөгіс» - 6;

«қатаң сөгіс» - 1;

«қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» - 2;

«атқаратын қызметінен босату» - 2.

Расталған 24 шағымның нәтижелері бойынша 21 жағдайда азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді, ал қалғандары - орындау сатысынданемесе объективті себептер бойынша қалпына келтірілген жоқ.

Әдеп жөніндегі Кеңестің қызметі

Өткізілген әдеп жөніндегі Кеңес отырыстарының жалпы саны - 7, Кеңес отырыстарында 21 мәселе қаралды, оның ішінде:

7 - тәртіптік іс («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын бұзғаны үшін - 4, Мемлекеттік қызметшіердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін -3).

12 - Мемлекеттік органдардың басшылары және өзге де тұлғалар Кеңес отырысында тыңдалды.

2 - өзге де мәселелер (тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініш - 1, 2016 жылдың 2 жартыжылдығына жасалған әдеп жөніндегі Кеңес жұмысының жоспары -1).

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің
2016 жылдың І жартыжылдығында атқарылған
жұмыстары туралы анықтамасы
 
Мемлекеттік қызмет басқармасының атқарған жұмыстары туралы
 
Алматы қаласында 81 мемлекеттік орган бар, оның ішінде 45 аумақтық, 36 жергілікті атқарушы органдар.
«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің саны 5139 бірлік, оның ішінде 1537жергілікті атқару органдардың қызметкерлері, 3602 аумақтық органдарға тиесілі.
Нақты қызмет атқаратыны –4550, оның ішінде 1346 жергілікті атқарушы органдарда, 3204 аумақтық органдарда.
Алматы қаласындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазым саны – 589 бірлік, оның ішінде – 191жергілікті атқарушы органдарда, 398 аумақтық органдарда.
Кадр резервінде 79үміткер тіркелген болатын, оның 10 үміткері «Болашақ» бағдарламасының степендиаты, 3үміткер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Академиясының түлектері. Осы 79 үміткердің 48 (61%) жұмыспен қамтылды.
2016 жылдың 1 жартыжылдығында 1344 тұлға тестілеуден өткен, оның ішінде 598 (44,5%) тұлға шекті мәннен өткен, 746 (55,5%) тұлға шекті мәннен өтпеді.
Есепті кезеңде «Б» корпусындағы 809(1 ішкі конкурс – 409 бос орын, 2 ішкі конкурс – 118 бос орын, жалпы конкурс – 282 бос орын)мемлекеттік әкімшіліклауазымға орналасу үшін конкурс жарияланған, оның 465-не үміткерлер мемлекеттік қызметке қабылданған.
1023қызметкер қайта даярлау және біліктілігін арттыруы қажет болған, оның ішінде:303жергілікті атқарушы органдарының  қызметкерлері, оның 181қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен, 720 аумақтық органдардың қызметкерлері, оның 134қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен.
Жұмыс барысында мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдарынаарналған 111 біліктілік талаптарының жинағына  және жергілікті атқарушы органдардың 146 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының хабарландырулары жарияланды.
2016 жылы жергілікті атқарушы органдарының  «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін жыл сайынғы қызметін бағалауы бойынша мемлекеттік органдардың 10 әдістемесі  тіркеуші уәкілетті органда тіркеуден өтті.
2016 жылдың өткен мерзімінде – 2803қызметші жыл сайынғы қызметін бағалаудан өту керек болған, оның ішінде жергілікті органдарда –1138, өткендер саны – 2768, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда –1122қызметші.
Департаменттің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметшілер арасында тәлімгерлікті дамыту болып табылады.
Бұлбағытта Департамент тарапынанбіразжұмысжасалған.
Мысалы, Алматы қаласындағы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған 195 қызметшіге (жергілікті атқарушы органдарда –56) тәлімгер бекітілген.
Ағымдағы жылы Департамент қызметкерлері 75 мемлекеттік органдарда  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындау бойынша өткізілген конкурстық комиссия отырысына бақылаушы ретінде қатысты.
Департамент тарапынан 60 мемлекеттік органға жүргізілген «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан кейін - Жүйе) жұмысына ерекше көңіл бөлінген (басқа ұқсас бағдарлама орнатылған ҚР Қаржы министрлігін және соттар жұмысын қамтамасыз ету Департаментін қоспағанда).
Барлық 60 орган штаттық режимге көшірілген, яғни 100% Жүйенің жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Тұрғындарды институционалды реформаның негізгі қағидаларымен таныстыру мақсатында, Департамент тарапынан 43 жергілікті атқарушы және аумақтық органдарда ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының
атқарған жұмыстары туралы
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментнің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасына аталған уақыт аралығында жалпы 112 арыз түсті. Олардың ішінде жеке тұлғалардан – 68 (9 арыз расталды); заңды тұлғалардан – 44  (6 арыз расталды), 13 арыз қаралуда.
Аталағн сандардың ішінде растлаған арыздар саны 15 құрайды.
Тіркелген тексерістер саны 48 құрайды (жеке тұлғалар бойынша – 37, заңды тұлғалар бойынша – 11.)
Жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға анықталған бұрмалаушылықтар бойынша 9 ұсыныс, 8 кепілдемелер жіберілді және олардың барлығы орындалды.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған барлық мемлекеттік қызметкерлер саны 15 құрайды, олардың ішінде «сөгіс» - 5, «ескерту» - 5, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» - 3,    «атқаратын лауазымынан босату» - 2.
Әдеп жөнінде кеңес
Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы МҚІМ жауапты Хатшысының 2016 жылдың 11 ақпан № 33 бұрығымен бекітіліп, 13 адамды құрайды.
2016 жылдың бірінші 6 ай аралығында Алматы қаласының Әдеп жөнінде кеңесінің 5 отырысы өткізілді.
Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 16 сұрақ қарастырылды, оның ішінде 6 тәртіптік іс қозғалды. Тәртптік істерді қарастыру нәтижелері бойынша 6 мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза беруге шешім қабылданды, олардың ішінде:
  • «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» - 3;
  • «сөгіс» - 3.
Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының
атқарған жұмыстары туралы
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Алматы қаласы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біршама жұмыстар атқарылды.
Көрсетілген кезеңде 8 656 992 мемлекеттік қызмет, 4 953 868 (56,8%) жергілікті органдармен және 3 703 124 (43,2%) аумақтық органдармен көрсетілді.
Көрсетілгендерден Мемлекеттік корпорация арқылы 830 757 қызмет немесе жалпы санынан 9,6 % мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бұл ретте мемлекеттік қызметтердің ең көп саны Мемлекеттік корпорация арқылымемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен 745 826 немесе 89,8 %, жергілікті органдармен – 84 931 немесе 10,2 % көрсетілді.
Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтерденэлектронды түрде 2 282 040 немесе 26,3%, оның ішінде аумақтық органдармен – 2 248 565 (98,5%) көрсетілді.
Электронды түрден көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі  – 1 734 375(76 %), электрондық үкімет порталы – 523 412 (23%) және Е-Лицензиялау арқылы – 24 253(1%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қалған 5 544 195 немесе 64% тікелей мемлекеттік органдар арқылы, оның ішінде жергілікті органдармен – 4 835 462 (87,2%) және аумақтық органдармен – 708 733(12,8%) қызмет көрсетілді.
Количество отказов в предоставлении госуслуг – 31 838 или 0,3%.
Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың саны – 31 838 немесе 0,3%.
Сол уақытта Мемлекеттік корпорация арқылы аумақтық органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, сондай-ақ жергілікті органдармен салыстырғанда электронды түрде көбірек.
Жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің көпшілігі көрсетілетін қызметті беруші арқылы тікелей жүзеге асырылатын бұл жағдай соған түсініктеме болып табылады:
  1. Денсаулық сақтау басқармасымен – 4 703 250 (97,2%);
  2. Білім басқармасымен   – 73 173 (1,5%);
  3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен – 32 388 (0,66%);
  4. Аудан әкімдерінің аппараты – 12 584 ( 0,2%).
Аумақтық мемлекеттік органдарға бөлгенде, алғашқы саны бұл жалпы саннан аумақтық органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны, ал жақша ішіндетікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілгендердің саны келесі түрде көрінеді:
  1. Мемлекеттік кірістер департаменті–1 951 030 немесе 22,5% (223 733 – 11,5%);
  2. Ішкі істер органдары– 1 380 579 немесе 39,5% (335 073 – 24,3%);
  3. Әділет органдары–144 633 немесе 4,6% (67 271 – 46,5%);
  4. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті – 71 387 немесе 2% (71 033 - 99,5%). 
 
Басты талап етілетін қызметтер болып табылады:
1.дәрігердің қабылдауына жазылу;
2.дәрігерді үйге шақыру;
3.медициналық картасынан үзінді беру;
4.еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;
5. жеке кәсіпкерлерге патенттер беру;
6.салық есептілігін қабылдау;
7.салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;
8.көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу және есепке алу;
9.мекенжай анықтамасын беру;
10.тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
11.азаматтардың паспорттарын, жеке куәліктерін беру;
12.жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
13.ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
14.ветеринариялық анықтама беру және т. б.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының 2016 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың ақпараты
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ескерту жүйесін және құқық бұзушылықты туындататын себептер мен жағдайларды азайту мақсатында Департамент тарапынан Білім, Жастар саясаты, Денсаулық сақтау, Ішкі саясат басқармалары және  үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мемлекеттік органдарда, ЖОО-да, білім, денсаулық сақтау мекемелері мен өндірістік кәсіпорындарда 152-ден астам   астам семинар-кеңестер, конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, тікелей желілер, флешмобтар, жалпы білім беру мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқушылардың арасында шығарма және сурет байқаулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумдар  өткізілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 2016 жылдың 19 наурыздағы № 62  кешенді  жоспардың аясында төмендегідей іс-шаралар өткізілді.  
Соның ішіндегі: үстіміздегі жылдың  11-15  сәуір аралығында қаладағы жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сыныптары арасында  «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты тақырыпта шығарма конкурсы, 18-22  сәуір аралығында қаладағы жалпы білім беру мектептерінің 5-8 сыныптары арасында «Сатылмайтын еңбектің таза бейнесі» атты тақырыпта сурет конкурсы, 18 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РММ, Алматы қаласының Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қаржы, Мәдениет басқармаларымен бірлесе отырып, Мәдениет, Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қаржы басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменттері мен мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі»   атты   конференция,  20 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалалық форум, 8 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің халықпен есептік кездесуі,  10 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру жөніндегі  брифинг, 
16 маусым күні   ҮЕҰ-ға  Мемлекеттік функцияларды азаматтық секторға беру мәселелері жөніндегі оқыту семинары, 28 мамыр күні Алматы қаласы әкімдігінде «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты дөңгелек үстел  өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында мақала, сұхбат, арнайы репортаж, хабарлама түрінде 1009  басылым  жарияланды.
 
Сонымен қатар, 172 заңды тұлға және 948 жеке тұлғалар Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жанында қызмет атқаратын www.adaldyk.kz сайты арқылы қосылды.
 
Қаланың орталық көшелерінде  әлеуметтік10 биллборд орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау 6 мекемеде өткізілді.
Оның ішінде 38 мемлекеттік қызмет, 38 стандарт және 31 регламент қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг 12 мекемеде өткізілді. Оның ішінде 52 мемлекеттік қызмет, стандарттар мен регламенттер қаралып, 22 ұсыныс берілді.
Мемлекеттік сатып алуға  өткізілген мониторингтің нәтижесі бойынша 9 мекеменің конкурсы кері қайтарылып, 50 млн. теңге үнемделді.
 
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы